Қарағанды облысында аурухана директоры дәрігерлердің ақшасын жымқырған

15 Желтоқсан 2022, 11:08 1158

Бұл туралы Қарағанды облыстық соты мәлім етті

Қарағанды облысында аудандық аурухана директоры болған әйел сыбайласымен бірге пандемия кезінде дәрігерлер бөлінген үстемеақыны жымқырған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Прокурор судьядан аурухана басшысын мүлкін тәркілемей-ақ, 6 жыл бас бостандығынан айыру және өмір бойы мемлекеттік қызметте істеуге тыйым салу жазасын беруді сұраған. Судья күдіктінің әрекетінде қылмысты ауырлататын жайттар жоқ деп ұйғарып, кішкене баласы бар екенін және өзі келтірген шығынды толықтай өтегенін ескеріп, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын белгіледі. Сотталушы кесілген мерзімді қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздік деңгейі орташа мекемесінде өтейтін болды және өмір бойы мемлекеттік қызметте істеу құқығынан айырылды.

Ал онымен сыйбайлас болған күдікті мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынын айырылып, 3 750 000 теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды. Бұл соманы ол екі жылдың ішінде ерікті түрде өтеуге тиіс.

EL.KZ
Бөлісу: