Қарағанды облысында әкімдіктің бухгалтері сотталды

3 Маусым, 17:46 577

Осакаров ауданының прокуратурасы Молодежный кенті әкімі аппаратының бұрынғы бухгалтері 2022-2023 жылдар аралығында өзіне жалпы сомасы 5 миллион теңгеден астам жалақыны негізсіз есептегенін анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Алаяқтық фактісі бойынша прокуратура қылмыстық іс тіркеді.

Осакаров аудандық сотының үкімімен Молодежный кенті әкімі аппаратының бұрынғы бухгалтері кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына сотталды.

Мемлекетке келтірілген шығын толығымен өтелді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: