Қарағанды облысында 14 медициналық нысанның құрылысы басталды

19 Шілде 2023, 04:30 898

Аймақта "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы іске асырылып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық жобаның шеңберінде 2023-2024 жылдардың ішінде 655 медициналық объектіні салу, аудандық ауруханаларды көпбейінді медициналық мекемелер деңгейіне дейін жаңғырту, мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігі және ауыл тұрғындарын скринингпен қамтуды ұлғайту, елді мекендерде медициналық ұйымдардың базасында дәріхана пункттерін құру, кадр мәселелерін шешу және ауылда медициналық көмекті дамытудың басқа да бірқатар бағыттары жоспарланған.

2023 жылға 99, оның ішінде Қарағанды облысында  14 медициналық объектінің құрылыс-монтаж жұмыстарына қаражат бөлінді.

Бүгінгі таңда барлық 14 объекті жер жұмыстары сатысында (іргетастың негізін дайындау). Ұлттық жобаға сәйкес Қарағанды облысында Бұқар Жырау ауданының Қарақұдық, Новоузенка, Ақтөбе, Қарқаралы ауданының Томар, Ақжол, Татан, Н.Қайрақты, Жұмыскер, Таглин, Босаға, Көктенкөл, Киікті, Бұрма ауылдарында және Шет ауданының Ақшатау ауылында,  сондай-ақ  Ақтоғай ауданының Ақжарық ауылында фельдшерлік-акушерлік пункттер ашылады.

Берік Арманов
Бөлісу: