«Қар жауып, үсік жүреді». Алдағы күндері ауа температурасы төмендейді

2 Қыркүйек, 16:17 19188

«Қазгидромет» РМК мамандары алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, найзағаймен жаңбыр жауып, республиканың солтүстігінде, шығысында кейбір уақыттарда қатты жаңбыр жауып, түнде 3 қыркүйекте елдің шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде солтүстік-батыс антициклон сілемімен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстік және шығыс аймақтарда тұман, топырақ бетінде 2 градусқа дейінгі үсік болады.

Сондай-ақ күндіз температураның біртіндеп төмендеуі күтіледі: республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында +8+15°С дейін, оңтүстігінде +20+28°С дейін төмендейді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: