«Қар үстінде жалаңаяқ жүгірткен»: Атырау балабақшасында болған оқиға желіде тарады

18 Қаңтар 2024, 17:02 1375

«Балдәурен» балабақшасының педагогтары тәрбиеленушілерді суыққа төзімді болсын деген мақсатта қардың үстімен жүгірткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі SN-ге сілтеме жасап.

Желі қолданушылары мұндай жаңашылдыққа таң қалды. Кадрларда балалар тәрбиешімен бірге сырт киімсіз және жалаң аяқ балабақшадан шығып, қардың үстімен жүгіріп жүр.

Бұл әрекетке тек ата-аналар мен балалардың келісімімен барады. Егер бала жүгіргісі келмесе, оны ешкім мәжбүрлемейді, - деп сендірді әкімшілік.

Равиль Ашығали
Бөлісу: