Синоптиктер бүгін 19 желтоқсанда еліміздің әр өңірінде қандай ауа райы күтіп болатынын айтты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Астанада көшпелі бұлт шығады, қар жауып, түнде қалың қар жауып, боран соғады. Жел оңтүстік, оңтүстік-батыстан 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде және күндіз 4-6 градус аяз.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, күндіз аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады), көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 3-5 градус аяз, күндіз 1-3 градус жылы.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, өткінші жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Түнде және таңертең тұман. Солтүстік-батыстан соғатын жел секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 3-5 градус жылы.
Ақмола облысында қар жауып, облыстың батысы мен оңтүстігінде қалың қар, бұрқасын, көктайғақ. Жел оңтүстік, оңтүстік-батыстан 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні секундына 23 метр. Ауа температурасы түнде және күндіз 3-8, облыстың батысында 11 градус аяз.
Күндіз Алматы облысының солтүстігінде, батысында, таулы аймақтарында жауын-шашын, облыстың оңтүстігінде аздаған жауын-шашын (қатты жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады 9-14, батыста, облыс орталығында екпіні секундына 15-20 метр.
Күндіз Жетісу облысының солтүстік-батысында аздаған жауын-шашын (көбінесе қар) болады.
Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 9-14, Алакөл ауданында секундына 15-20 метр, екпіні 23-28, кей жерлерде 30 метр/секунд және одан да көп.
Түркістан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), таулы аймақтарда түнде және таңертең көктайғақ болады. Облыстың таулы аймақтарында жаңбыр жауады. Оңтүстікте, облыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан 8-13, солтүстікте, батыста, облыстың таулы аудандарында 15-20, таулы асуларда екпіні секундына 23-28 метр.
Түнде Батыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында аздаған қар жауады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (көбінесе қар) болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында қар жауып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел батыстан секундына 9-14 метр.
Түнде басым бөлігінде, күндіз Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (көбінесе қар), тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 0-5 градус аяз, күндіз 2 градус аяз – 3 градус жылы.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың солтүстік-шығысында және оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Батыстан соғатын желдің күші 9-14, түнде облыстың батысында екпіні секундына 15-20 метр.
Күндіз Ақтөбе облысының шығысында қалың қар жауады. Облыстың солтүстігі мен шығысында қарлы боран соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел батыстан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 5-10, облыстың шығысында 13, күндіз 0-5 градус аяз.
Түнде шығысы мен оңтүстігінде, күндіз Қостанай облысының оңтүстігінде қар жауып, боран соғады. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан 7-12, түнде шығыста, облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Түнде батыста, күндіз Павлодар облысының басым бөлігінде қар жауады, облыстың оңтүстігі мен шығысында жел соғады. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14, облыстың оңтүстігі мен шығысында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 10-15, облыстың оңтүстігінде 7, күндіз 2-7 градус аяз.
Түнде Қарағанды облысының солтүстігі мен батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде қар жауады. Облыстың солтүстігі мен батысында қарлы боран соғады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады 9-14, облыстың солтүстігі мен батысында екпіні секундына 15-20 метр.
Ұлытау облысының басым бөлігінде қар жауды. Облыстың солтүстігі мен шығысында қарлы боран соғады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады 9-14, облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 4-9, күндіз 0-5, облыстың солтүстігінде 8 градус аяз.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында қар жауады. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығыстан 9-14, облыстың шығысында секундына 15-20 метр.
Күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қар жауып, боран соғады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 9-14, облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні секундына 25 метр.