Қар, тұман жел: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

18 Қараша, 14:13 446

Қазгидромет 19-21 қарашаға ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан аумағына кезекті солтүстік-батыс циклоны ықпал етіп, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі, көктайғақ болады, республиканың солтүстік жартысында бұрқасындатады.

Тек 21 қарашаға қарайреспубликаның батыс және солтүстік-батыс аймақтары ауқымды антициклонның аймағында болып, күн ашылады.

Республика бойынша тұман түсіп, екпінді жел тұрады. Температуралық фонда күрт өзгеріс болмайды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: