Қар, көктайғақ, тұман: 11 наурызға арналған ауа райы болжамы

11 Наурыз, 06:16 938

«Қазгидромет» 11 наурызда еліміздің он өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауады, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады.

Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 

Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар, күндіз облыстың оңтүстігінде аздаған қар күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні – 15-20 м/с. 

Қызылорда облысының оңтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында тұман.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Зарина Арман
Бөлісу: