Қар, көктайғақ: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

21 Қазан, 15:25 1705

Қазгидромет 22-24 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Таяудағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде Атлантикалық циклонның ықпалымен тұрақсыз ауа райы күтіледі, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, батыс және оңтүстік өңірлерде жаңбыр, жекелеген облыстарда күндіз найзағай болады деп болжанады.

23 қазанда республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), 24 қазанда Жетісу облысының тауларында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Қазақстан бойынша жел күшейеді және тұман болжанады.

Температураның фонында күрт өзгерістер болжанбайды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: