Қар, боран, көктайғақ: Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Бүгiн, 09:57 218

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 23 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астанада түнде жаяу бұрқасын күтіледі. Көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Күндіз ауа температурасы -15-17 °C болса, түнде -28-30°C дейін барады

Алматыда аздаған қар жауады. Ауа температурасы күндіз -6°C дейін суыса, түнде -11°C дейін барады.

Шымкентте күн бұлтсыз. Ауа температурасы күндіз -5°C дейін суыса, түнде -11°C дейінгі шекте болады.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ, жолдарда қарлы қатқақ күтіледі. Жел солтүстік-батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Алматы қ.: 23 қаңтарда кей уақытта тұман, көктайғақ, жолдарда қарлы қатқақ күтіледі. Қонаевта 23 қаңтарда кей уақытта тұман, көктайғақ, жолдарда қарлы қатқақ күтіледі. Жел солтүстік-батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз 7-9 °C, түнде -12-14 °C болады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Ауа температурасы күндіз -15-17 °C, -25-27 °C.

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, күндіз екпіні 15-20 м/с. Атырау қ: 23 қаңтарда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз 0 -2 °C, түнде -5 -7 °C.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 23 қаңтарда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. Ауа температурасы күндіз +3+5 °C, түнде 0,-2 °C.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең аздаған қар, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 23 қаңтарда түнде жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ауа температурасы күндіз -15-17 °C, түнде 26-28 °C.

Ақтөбе облысында батысында, солтүстігінде түман күтіледі. Ауа температурасы күндіз -12-14 °C, түнде -20-22 °C.

Қызылорда облысының шығысында түнде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.  Ауа температурасы күндіз -10-12 °C, түнде -13-15 °C.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, өңтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Петропавл қ.: 23 қаңтарда жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады күші 15-20, түнде екпіні 23 м/с. Ауа температурасы күндіз -16-18 °C, түнде -25-27 °C.

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында түнде қар, күндіз аздаған қар күтіледі. Жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Павлодар қ: 23 қантарда түнде қар, күндіз аздаған қар күтіледі. Жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ауа температурасы күндіз -20-22 °C, түнде -25-27 °C.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Қарағанды қ.: 23 қаңтарда түнде қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады түнде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз -20-22 °C, түнде -30-32 °C.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-батыста, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз -18-20 °C, түнде -25-27 °C.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын, тұман, түнде таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Тараз қ.: 23 қаңтарда түнде және таңертең қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ауа температурасы күндіз -6-8 °C, түнде -13-15 °C.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Орал қ.: 23 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.  Ауа температурасы күндіз -5-7 °C, түнде -12-14 °C.

Абай облысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с. Семей қ.: 23 қаңтарда қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз және түнде -27-29°C шегінде болады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында қар, тұман күтіледі. Облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Шымкент қ.: 23 қаңтарда түннің бірінші жартысында қар, тұман күтіледі. Ауа температурасы күндіз -4-6 °C, түнде -16-18 °C.

Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында қатты қар, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, орталығында 15-20, Алакөл көлдері ауданында екпіні 23-28, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі. Талдықорған қ.: 23 қантарда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз -10-12 °C, түнде -13-15 °C.

Шығыс Қазақстан облысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде облыстың шығысында қатты қар күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с. Өскемен қ.: 23 қаңтарда қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз-26-28 °C, түнде -28-30 °C.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: