«Қар, боран, көктайғақ». Бүгін ауа райы қандай болады?

4 Наурыз, 09:30 699

Синоптиктер бүгін, 4 наурызда еліміздің 9 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жасады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында төмен қарлы боран күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр.

Түркістан облысының батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жауын-шашын, қар, тұман. Шымкентте түннің бірінші жартысында жауын-шашын болады, ал түнде тұман. Сондай-ақ, Түркістанда да 4 наурызда түнде тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде және Оралда түнде және таңертең тұман түседі.

Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында кей уақыттарында, ал Алматыда түнде және таңертең тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қар жауады, боран, көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр. Түнде Петропавлда қарлы боран болады деп күтілуде. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр.

Павлодар облысында боран. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр. Павлодарда да боран. Таңертең және түстен кейін батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-18 метр.

Қызылорда облысының орталығы мен оңтүстігінде тұман түседі. Ал Қызылордада кей уақыттарда тұман түседі.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: