Қаңтар оқиғасынан кейінгі залалдан келген шығын өтелді – Ерболат Досаев

12 Желтоқсан 2022, 13:36 1487
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Қаңтар оқиғасынан кейінгі барлық залал толығымен қалпына келтірілгенін айтты. Бұл туралы кеңейтілген Үкімет отырысының кулуарында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
"Орта және шағын бизнес өкілдеріне шығын көлемін өтеп бердік. Қаладағы өртенген көліктер, ғимараттар мен басқа да жеке заттарға қатысты мәселелер шешілді. Ендігі таңда қалғаны жеке сектордағы жалдамалы орындар мен мекемелерінде жөндеу бітсе, мәселе толығымен жабылады. 11 айдың ішінде қаланың экономикасы 6,2 пайызға өсті. Ал инвестицияларды тарту жағынан 1трлн 200 млрд теңгеге дейін өсті. Келесі жылы қала экономикасы тағы да 5 пайызға өседі деп жоспарлап отырмыз», - деді Ерболат Досаев.
Сонымен қатар, биыл қауіпсіздіктің жаңа кезеңіне 17 млрд теңге көлеміндегі қаржы бөлінгендігін атап өтті.
 
 
Миражан Махан
Бөлісу: