Қаңтар оқиғаларында зардап шеккен азаматтарға көмек берілді

5 Қаңтар 2023, 19:13 1104

Қаңтар оқиғаларында зардап шеккен азаматтарға көмек берілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы "Қазақстан халқына" қорының баспасөз қызметі мәлімдеді.

2022 жылдың 5 қаңтардағы жағдай бойынша “Қазақстан халқына” қоры қайғылы қаңтар оқиғалары барысында зардап шеккен 540 адамға жалпы сомасы 2 млрд 112 млн теңгеге қайырымдылық көмек көрсетті, атап айтқанда:

- қаза тапқан 19 әскери қызметшінің, ішкі істер және Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерінің отбасыларына - 133 млн теңге (7 млн теңгеден);

- Ауыр жарақат алған 111 әскери қызметшіге, ішкі істер және Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне - 333 млн теңге (3 млн теңгеден);

- Қаза тапқан әскери қызметшілердің, ішкі істер органдары мен ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің отбасыларындағы 23 кәмелетке толмаған балаға - 46 млн теңге (әрбір кәмелетке толмаған балаға 2 млн теңгеден);

- қаңтар оқиғаларының кездейсоқ құрбаны болған ҚР 135 азаматының отбасыларына - 945 млн теңге (7 млн теңгеден);

- кездейсоқ құрбан болған Қазақстан Республикасының қаза тапқан азаматтарының отбасыларындағы 101 кәмелетке толмаған балаға - 202 млн теңге (әрбір кәмелетке толмаған балаға 2 млн теңгеден);

- атыс қаруынан зардап шеккен және жәбірленуші деп танылған 138 ауыр жараланған кәмелетке толған азаматтарға - 414 млн теңге (3 млн теңгеден);

- қаңтар оқиғасы кезінде жарақат алған 13 баланың отбасыларына - 39 млн теңге (3 млн теңгеден).

EL.KZ
Бөлісу: