«Қаңтар оқиғалары» кезінде ұрланған қару-жарақ табылды

30 Қаңтар, 09:30 826

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында қару арсеналы жасырылған орынды анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Калашников» автоматтарын, тапаншалар мен мылтықтарды қоса алғанда 30 бірлік қару-жарақ, сондай-ақ 5 граната, 10 түтіндету құтысы және әртүрлі калибрдегі 221 патрон алынды.

Алдын ала деректер бойынша, табылған қару «қаңтар оқиғалары» кезінде ұрланған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: