Қант қызылшасының егіс алқаптары 25 мың гектарға дейін ұлғаяды

9 Ақпан 2023, 12:46 948

Бүгін ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ баспасөз конференциясында «Қазақстандағы қант өнеркәсібінің проблемалары мен перспективалары» атты сараптамалық дөңгелек үстел кездесуі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Отырыста Қазақстандағы қант өнеркәсібінің проблемалары мен перспективалары талқыланды. Қазақстанда қант бойынша импорттық тәуелділік өте жоғары. Еліміздің тек 40 пайызы ғана өзіміз өндірген қантпен қамтамасыз етілген. Олардың отандық шикізатпен қант қызылшасымен қамтамасыз етілгені 10 пайыздан кем.

Кездесуде ҚР АШМ Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаментінің директоры Қанат Жауымбаев Қазақстандағы қант саласына қатысты мәселелердің қаралып жатқанын айтты.

«Үкімет осы жылы 33 тармақтан тұратын қант саласын дамыту жөніндегі кешенді жоспарды қабылдады. Қазіргі таңда кейбір тармақтар бойынша талқылауды қажет ететін мәселелер бар, олар қандай да бір ұсыныс шараларын әзірлеуді талап етеді», – деді Қанат Сағындықұлы.

Сонымен қатар директор отандық қант өндірісіне қатысты қандай жоспар құрылғандығына тоқтала кетті.

«2024 жылы егіс алқаптарын 25 мың гектарға дейін ұлғайтылмақ. Бүгінде қант қызылшасына арналған егіс алқаптарын ұлғайту ағымдағы жылға 10,1 мың гектардан 16,1 гектарға дейін жоспарланған», – деді ол.

Дөңгелек үстелге ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚР Энергетика министрлігі, ҚР Ұлттық экономика министрлігі, ҚР Сауда және интеграция министрлігінің өкілдерді қатысты.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: