Ұлттық кітап күні қарсаңында EGOV mobile платформасында азаматтар арасында сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға қатысқандардың 50.8% кітаптарды дәстүрлі қағаз форматында, 28% - смартфондар арқылы, 5.3% - электронды планшеттер арқылы оқиды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Смартфондар, планшеттер және компьютерлер арқылы электронды форматта кітап оқу тәжірибесі жас қазақстандықтар арасында
(18-29 жас аралығындағы) жиі кездеседі.
Белсенді еңбекке қабілетті жастағылар (46 жастан 60 жасқа дейін) және аға буын (61 жастан асқан) кітапты дәстүрлі баспа форматында көбірек оқиды.
Айта кету керек, әдетте респонденттер бір емес, бірден бірнеше ыңғайлы оқу форматтарын қалайды. Ең жиі кездесетіні – «қағаз кітап пен смартфон» нұсқасы, бұл әсіресе жастар мен орта жастағы адамдар арасында танымал.
Сонымен қатар әрбір бесінші қазақстандық М.Әуезовтің «Абай жолы» және Абайдың «Қара сөздерін» оқыған.
Танымал әдеби шығармалар ішінде «Көшпенділер» (І.Есенберлин); «Қан мен тер» (Әбдіжәміл Нұрпейісов); «Ақ Орда», «Қазақ хандығының тарихы» (Радик Темірғалиев); Бауыржан Момышұлының кітаптар жинағы ерекше көзге түседі.
Шығармалар тізіміндегі абсолютті көшбасшылар – М.Әуезовтің «Абай жолы» және Абайдың «Қара сөздері». Бұл ұлы ойшыл Абай идеяларының қазіргі қоғам үшін жоғары өзектілігін тағы да көрсетеді.
Ең танымал әдеби шығармалар шоғырында – белгілі қазақ классиктерінің шығармалары.