"Қаңғыбас болса өкпелемеңіздер". Нұрлан Еспанов Кореяда тұсау кесті

17 Сәуір 2023, 14:29 950

Әнші, сазгер Нұрлан Еспанов Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында қазақ баласының тұсауын кесті. Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алланың қалауымен күтпеген жерден тойға кіріп, Сеулде тұсау кестім. Қадамы сәтті болсын. Кәсіппен айналысып жүрген бауырларым аман болсын. "Бақыт" деген сәт екенін ұмытпайық, достар. Қандастарымыз аман болсын. Ораза қабыл болсын, - деді Нұрлан Еспанов.

Сондай-ақ әншінің тұсау кеспестен бұрын тілек айтып, той иесімен әзілдесті.

Ханымдар мен мырзалар, Кореяға келіп, тұсау кесеміз деп кім ойлаған? Қадамы сәтті, өмірі тәтті болсын. Мәнді әрі сәнді болсын. Мен әзілге жақын адаммын ғой, қаңғыбас болса, маған өкпелемеңіздер. Үйде тұрмайтын бала болса, маған өкпелемеңіздер. Бастысы мен сияқты ішпейтін, шекпейтін, көзі ашық, көкірегі ояу азамат болсын, - деді Нұрлан Еспанов.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Nurlan Espanov (@espanov_n)

EL.KZ
Бөлісу: