Қандай қан тобына ие аналар данышпан баланы дүниеге әкелетіні анықталды

27 Ақпан, 11:29 1508

Ғалымдар қандай қан тобына ие әйелдер данышпан баланы дүниеге әкелетінін анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Стэнфорд университеті генетиктерінің зерттеуінше, бірінші қан тобына ие әйелдердің вундеркинд баланы дүниеге алып келу көрсеткіші жоғары екен.

Ғалымдар бірінші қан тобына жататын ана мен зияткерлігі жоғары балалар арасында байланыс жиірек болғанын анықтаған.

Дегенмен мамандар мұны бірінші топқа жататын әйелдер арасында бала туу көрсеткіші аса жоғары еместігімен түсіндірді. Сонымен қатар генетик мамандар мұндай аналардан туған балалардың иммунитеті әлсіз келетінін алға тартады, - делінген Thuvienpc басылымында жарияланған мақалада.

Төртінші топқа жататын аналардың балалары спортқа бейім келсе, екінші топтағылар сыни тұрғыда ойлау қабілетіне ие. Ал үшінші топтағы анадан туған бала шығармашылыққа жақын әрі сезімтал келеді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: