Ақтауда қандалаға қарсы улау жұмыстарынан кейін тағы екі ересек пен үш бала ауруханаға түсті. Маңғыстау облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kzақпарат агенттігі.
Ақтауда қандалаға қарсы улаудан көрші пәтердегі 2021, 2022 жылы туған балалар көз жұмғаны белгілі.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Әсима Жарылғасова пәтерді залалсыздандыру жұмыстары күкірт түтін бомбасымен жүргізілгенін айтты. Оны пәтер иесі қаладағы 22 шағын аудандағы базардан сатып алған.
Сағат 21: 20-да бізге 3а шағын ауданындағы пәтерді қандаладан улау туралы хабарлама келіп түсті. Біздің мамандар оқиға орнына барды. Залалсыздандыру үшін қандай препарат қолданғанын білдік. Барлық көршілерге ескертіп, қала әкімінің көмегімен адамдарды эвакуациялау шарасын ұйымдастырдық. Бірақ көрші пәтерлерде тұратын азаматтар кетуден бас тартты. Оларға барлық салдары туралы ескертілді. Оқиға орнында ТЖМ мен полиция қызметкерлері де болды. Жұмыс дер кезінде жүргізіліп, улану себептері жойылды. Бес адам ауруханаға медициналық көмекке жүгініп, амбулаторлық емдеуге жіберілді, — дейді Әсима Жарылғасова.
Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметі зардап шеккендердің жағдайы туралы баяндады.
Екі адам облыстық аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілді. Оларға амбулаторлық ем көрсетіліп, үйлеріне жіберілді, – деп хабарлады медициналық мекеме.
Дәл осындай жағдайда ауруханаға түскен үш баланың барлығы бір отбасынан болып шықты. Оның екеуінде ауру белгілері жоқ, дәрігер тексеруінен өтіп, үйлеріне жіберілді. Бір бала педиатриялық бөлімшеге жатқызылды, жағдайы тұрақты, ауыр.
Бала түскен кезде әлсіздік пен бас айналуға шағымданған — осыған байланысты ауруханаға жатқызылған, – деп хабарлады өңірдің денсаулық сақтау басқармасы.