Қанат Шарлапаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

6 Қыркүйек, 06:25 471

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мемлекеттік азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Келушілер қатарында Астана, Шымкент, Павлодар, Екібастұз, Алматы, Талдықорған және Ақтау қалаларының тұрғындары бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, кездесу барысында қатысушылар мүмкіндігі шектеулі жандарды баспанамен қамтамасыз ету, апатты үйлерден көшіру, нөсер су жүйесін салу және жылумен жабдықтау желілері мен су тарту жүйелеріне қосу мәселелері бойынша жүгінді. Сондай-ақ қабылдау кезінде «Нақтылы тауарлардың бақылау тізбесін бекіту туралы» бұйрық аясында тұрғын үй иелерінің коммуналдық қызметтерді жеткізушілер алдындағы берешегі, экспорт мәселелері жөнінде айтылды.

Өз кезегінде министр қойылған сұрақтардың барлығына жан-жақты жауап беріп, қатысушыларға белсенді ұстанымдары үшін алғысын білдірді.

Перизат Саденова
Бөлісу: