Қанат Шарлапаев Конго Президентінің жеке өкілімен кездесті

11 Маусым, 06:17 431

Қазақстанның Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Конго Республикасы Президентінің стратегиялық және халықаралық келіссөздер жөніндегі жеке өкілі, министр Франсуа Жолимен кездесті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Тараптар кездесу барысында тау-кен металлургия, жер қойнауын пайдалану және геологиялық барлау салаларындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады.

Конго Республикасының тарапы фосфат, газ, калий, темір, полиметалл, уран, сондай-ақ алтын мен алмас кен орындары туралы мәліметтермен бөлісті. Осылайша Конго өкілдері стратегиялық пайдалы қазбаларды бірлесіп барлау мен өндіруге қызығушылық танытты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамыту мақсатында тиісті министрліктер мен компаниялар арасында ақпарат алмасу мен байланыс орнатуға келісті.

Зарина Арман
Бөлісу: