Қанат Бозымбаев қайырымдылық көмек бөлуге қоғамдық ұйымдарды тартуды тапсырды

12 Сәуір, 01:10 778

Қанат Бозымбаев су тасқынынан зардап шеккендерге қайырымдылық көмек бөлуге қоғамдық ұйымдарды тартуды тапсырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Су тасқыны аймағындағы 100 мыңға жуық адам үйлерінен қауіпсіз жерге көшірілді. Жүздеген эвакуациялау пункттері құрылып, оның әрқайсысы қажетті заттармен қамтамасыз етілген. Онда дәрігерлер, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер кезекшілік етуде.

Осы қиын сәтте мыңдаған қазақстандық зардап шеккен өңірлерге көмек қолын созды. Гуманитарлық жүктерді жинау әрбір қалада жүргізіледі. Сонымен бірге әлеуметтік желілерде зардап шеккендерге көмектесу үшін қаражат жинау туралы көптеген хабарландырулар пайда болды. Оңай жолмен пайда табуды көздегендердің құрбанына айналудан қалай сақтануға болады?
 
Ресми түрде жұмыс істейтін және әкімдіктер де, жергілікті белсенділер қауымдастығы да бақылайтын аймақтық қайырымдылық қорлары бар. Республикалық деңгейде Қазақстанда 2 қор бар – олар «Демеу Қазақстан қоры» корпоративтік қоры және «Қазақстан халқына» қоры.

Вице-премьер, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқынының салдарын жою жөніндегі республикалық штаб меңгерушісінің орынбасары Қанат Бозымбаев «Қазақстан халқына» қоры аталған өңірлерде зардап шеккен тұрғындарға арнап 400-500 үй салуға дайын екенін айтты.

Өңірлерге шетелден немесе ірі компаниялардан келген барлық гуманитарлық көмекті Төтенше жағдайлар министрлігі үйлестіреді және ол қоғамдық бақылауда болуға тиіс.

Перизат Саденова
Бөлісу: