Қанат Бозымбаев апатқа ұшыраған жолаушылардың жағдайын тексерді

Кеше, 21:46 364

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев бастаған үкіметтік комиссия Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасына барып, зардап шеккен азаматтардың жағдайын сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың айтуынша, апат орнында 22 жедел жәрдем бригадасы мен апаттық медицина орталығының 6 бригадасы жұмылдырылды. 

Облыстық көпсалалы ауруханада хирургиялық және травматологиялық бөлімде 30 орын және 10 реанимациялық орын дайындалды. 

Зардап шеккендердің жалпы саны — 29 адам. Олардың ішінде 11 адамның жағдайы тұрақты, бірақ, хәлі ауыр. 

Қазір облыстық ауруханаға 27 адам жеткізілді. Ауруханаға түскен 27 пациенттің 13-і әзербайжан елінің азаматы, 9 Ресей азаматы, 2 қырғыз азаматы және 3 азаматтың жеке басы анықталып жатыр. 

Қазір өңірдегі балалар ауруханасында екі бала медициналық көмек алып жатыр. Барлық пациент диагностика және емдеу хаттамасына сәйкес толық ем алады. 

 

Перизат Саденова
Бөлісу: