Қан туралы ешқашан естімеген 5 факт

8 Қаңтар, 16:15 2250

Қаннан жиһаз жасап, тіпті үй салуға болады. Сонымен қатар, қан қою, ақ болуы мүмкін.

 

  1. Қан алғашқы пластмассаның құрамына кірген

1856 жылы Франсуа Шарль Лепаж Францияда алғашқы пластмассаға патент алып, оны bois durci деп атаған. Ал 1877 жылы Америка Құрама Штаттарында Уильям Диббл  оның гемацит деп аталатын аналогын жасап шығарды. Алғашқы пластмассаға ағаш үгінділеріне жануарлардың қанын қосып, кәдімгі ағашқа ұқсауы үшін бояғыштарды араластырған. Сосын қоспаны ысытып, қажетті консистенцияға дейін жеткізіп, қалыпқа құйған. Ысытқан соң, қандағы альубмин ширап, қоспа жұмсақ материалға айналған екен. Бір келі bois durci алу үшін 130 миллилитр қан кеткен. Ал гемацитті есіктің тұтқасына, барельеф декорларына, жиһаздардың бір бөлшектеріне пайдаланған. Кейінірек, синтетикалық пластиктер қаптай бастағанда қан қоспасынан жасалған материал еш керексіз болып қалды. Ол экологиялық тұрғыдан қауіпсіздігімен ерекшеленген еді.

 

  1. Қанды құрылыста пайдалануға болады

Ежелгі римдіктердің құрылысы бүгінгі заманға дейін жеткеніне қарап, қандай кірпіш пайдаланды екен деген сұрақ туындауы мүмкін. Расында олар римдік бетондарына малдың қанын қосқан, әсіресе өгіздің қаны көбірек пайдаланылыпты. Бұл дәстүр олардың құдайға арнап мал союынан туындауы мүмкін. Одан кейін архитекторлар бетонды қан беріктігін күшейтетінін аңғарса керек. Қан құрамындағы ақуыз қоспа ішіндегі ауамен реакцияға түсіп, материалды суыққа шыдамды ете түсетінін белгілі болған.

Британдық архитектор Джек Манро құрамына қан кіретін кірпішті жасап шыққан. Қаннан басқа бактерияға қарсы агент, антикоагулянт, құм мен су кіреді. Нәтижесінде таңқурай түстес кірпіш шығады. Оның беріктігі кәдімгі кірпіштерден еш кем емес. Манро бұл өнімді әсіресе артта қалған елдер пайдаланғаны жөн дейді. Себебі, кірпіш көп суды талап етпейді.

 

  1. Қан әрдайым қызыл емес

Біз адамдарда қанымыз қызыл, себебі эритроциттеріміз ауа тасымалдаушы темірқұрамдас ақуыз – гемоглабинге бай. Басқа теңіз жануарларында, мәселен кальмар, сегізаяқ және теңіз құрттарында қан көк түсті. Себебі, оларда ауаны гемоцианин тасымалдайды. Дәл осындай көк түсті қан өрмекші, ұлуда болуы мүмкін. Камбоджа мен Жаңа Гвинеядағы кейбір бақаларда жасыл қан болады.

Ал кейбір балықтарда қанның тіпті түсі жоқ. Генетикалық мутация олардың денесіндегі гемоглабинді мүлде алып тастаған. Кейбір адамдар сирек кездесетеін ауруға шалдыққанда қаны қызыл болмай қалады екен. 2019  жылы Германияда 39 жастағы науқастың қаны сүт сияқты концентрацияда және аппақ екені анықталған. Оған себеп – триглицерид деңгейінің жоғары болуы.

 

  1. Маса қанның бірінші тобын жақсы көреді

Сізді қансорғыштар талап жатқанда, кейбір адамдарды маса мүлде шақпайтынын көрген боларсыз. Оның бәріне кінәлі сіздің қан тобыңыз. Жапониядағы Зиянкестермен күрес институты әртүрлі қан тобындағы адамдарды шақырып, қолдарын маса салынған арнайы аквариумға салуын өтінген. Нәтижесінде бірінші қан тобындағы адамдардың қолын масалар көбірек көздеген екен.

 

  1. Біздің денемізде қан бармайтын ағза бар

Адам денесінің барлық жерінде қан бар деп ойласақ, қателесеміз. Қантамыры бармаса да өз қызметін орындап келе жатқан ағзамыз бар екен, ол – көздегі нұрлы қабық. Ол жанарымызды шаңнан, желден, жарақаттан, микробтан қорғайды. Оған қан тамыры барса, көздің көруіне айтарлықтай зиян келтірер еді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: