Еуропада өсіп, Қазақстандағы биологиялық анасын іздеп жүрген Мұрат (Жәнібек) Савельев туралы тың дерек шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы журналист Қымбат Досжан әлеуметтік парақшасында жазды.
8 әйелдің анализі нөл пайыз шықты. Қалған екеуінің қан нәтижесін бүгін күтеміз, - деп жазған журналист.
Айта кетейік, Жәнібектің қазіргі құжатында ЭддиЖан деп жазылған. Ұлты – қазақ, 2002 жылдың 17 қаңтар күні Арқалық қаласында дүниеге келген. Ол қазір Испанияның Мальорка аралында тұрады. Асырап алған отбасы оған еуропаша білім беріп өсірген.