Қамыс-Самара көлдеріне 20 жылда алғаш рет су жіберіліп жатыр

17 Сәуір, 23:42 592

Батыс Қазақстан облысындағы «Қазсушар» филиалы Жайық-Көшім суару-суландыру жүйесінен Қамыс-Самара көлдеріне су жіберіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева аталған көлдер жүйесіне су 20 жылда алғаш рет барып отырғанын атап өтті.

Президенттің тапсырмасы бойынша министрлік 2030 жылға дейін су шаруашылығы құрылыстарын реконструкциялаудың кешенді жоспарын әзірледі. Жоспарда жаңадан 57 су қоймасын салу қарастырылған. Оның 20-сы су ресурстарын басқаруды дамыту тұжырымдамасында да көзделген, - деді спикер ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Атап айтқанда, Ақтөбе облысында төрт су қоймасын, Түркістан және Жамбыл облыстарында үш су қоймасынан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында 2 су қоймасынан, Ақмола, Алматы, Қызылорда облыстарында және Абай облыстарында бір су қоймасынан салу жоспарланып отыр.

Перизат Саденова
Бөлісу: