Қамшыбек Қоңқабаев Париж олимпиадасының лицензиясын жеңіп алды

3 Қазан 2023, 20:15 1008

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында отандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев Париж олимпиадасының лицензиясын жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

+92 келіде Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионатының 2 мәрте күміс жүлдегері, 31 жастағы Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалдық айқаста үндістандық Нарендерді 5:0 есебімен жеңді. Осылайша, бокстан Париж Олимпиадасының екінші жолдамасына қол жеткізді.

Бұған дейін бокстан әйелдер арасында 57 келідегі Карина Ибрагимова лицензия иеленген болатын.

Перизат Саденова
Бөлісу: