"Қалың малы дайын". Нұрлан Еспан жалғыз ұлына қызды өзі іздейтінін айтты

4 Желтоқсан 2023, 14:46 2778

Танымал әнші Нұрлан Еспанов жалғыз ұлы Олжастың үйленетін қыз таппай жүргенін айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кезінде әншінің ұлы өзге ұлт өкілінің қызына үйленгісі келгені белгілі болды.

Ұлымның үйленуіне қарсы болғаным рас. Біріншіден, ол кезде жас еді. Отбасын қамтамасыз ете алмайтын еді. Содан соң басқа ұлттың қызы болды. Жалғыз түйір ұлым. Ұрсып та айтқан жоқпын. "Қалай болар екен? Басқа ұлттың қызын алсаң түсінісу қиын болады. Ол жақтың салт-дәстүрін білмейміз. Қалай қыламыз?" дедім. Олжас маған ешқандай жауап қайтарған жоқ. Содан бір тоқтатқаным бар. Одан кейін шешесі біледі. Мінезі анасына тартқан ғой, көп ашылып сөйлемейді, – дейді әнші Қызықты weekend бағдарламасында.

Нұрлан Еспанов ұлына шығармашылық кешіне дейін қыз табу тапсырған.

Жалғыз ұлым болғасын тойын қалай өткізсем де жарасады. Қазірден бастап қалың малын дайындап қойдым. Ұлыма “менің шығармашылық кешіме дейін келін әкелмесең, өзім іздеймін және ол тірлігіме ұялмаймын. Әмина апам сияқты өзім таңдап берген қызға үйленесің. Мен саған керемет қыз тауып беремін. Оған күмәнің болмасын” деп айтқан едім. Ұлым үндемеді. Шешесіне бір қызды ұнатып жүргенін айтыпты. Мен білмеймін. Бірақ қалың малына ақша дайындап қойдым. Ел қатарлы беріп жатқан 3 миллион теңге береміз. Той мен мейрамхана шығынын достарыма тапсырамын. Солар көтеріп береді. Менің достарым өте көп, – дейді әнші. 

Айта кетейік, бұған дейін Нұрлан Еспанов өміріндегі өкінішін айтып, енді ешқашан атақ сұрамайтынын мәлім етті.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: