Қалың малы 6 млн қызға Баян Алагөзованың жиені ұсыныс жасады

26 Қаңтар, 10:20 2249

Әлеуметтік желіде актер Айдар Асқарбектің әнші, актриса Анар Батырханға сезімін білдірген видеосы тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл видео Instagram желісіндегі zhulduz_qaz парақшасында пайда болды. Видеода Аша Матайдың інісі стрим кезінде Анар Батырханға сезімін білдірген. Ол өнердегі әріптесіне ғашық болып қалғанын айтты. Ал Анар үшін бұл күтпеген жаңалық болған тәрізді.

Мен саған ғашық болып қалдым. Бұл сөздердің басқа мағынасы бар ма? - деді Айдар Асқарбек.

Анар Батырхан мұндайды көпшіліктің алдында емес, жеке айту керек екенін алға тартты:

Бұл қалай болғаны? Біз дос едік қой... Осының барлығын мыңдаған адамның көзінше айту керек пе? Өзіме жеке айтсаң да болар еді, - деді актриса.

Бірақ кейіннен мұның бәрі қалжың ретінде жасалғанын алға тартты.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Zhulduzdar Alemi❤️ (@zhulduz_qaz)

Анар Батырхан халық арасында тарап кеткен видеоға қатысты пікір білдірді. Актриса оның барлығы тікелей эфирде ойын кезінде бәстесіп, қалжың ретінде жасалған дүние екенін түсіндірді.

Айта кетейік, актриса тұрмысқа шыққысы келетінін, бірақ ер адамның белгілі бір талаптарға жауап беруі керектігін айтқан. Өнер иесі болашақ күйеуінің өзінен көп табуы, яғни кемінде 5-6 млн теңге табысы болуы керектігін тілге тиек еткен.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: