Қала сыртындағы трассаларда 300-ге жуық борттық жүйе орнатылды

Бүгiн, 15:13 115

Жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласына цифрлық шешімдер енгізілуде. Алайда барлық камера қалаларда орналасқан. Қала сыртындағы трассаларда қауіпсіздік мәселелерін шешу үшін патрульдік автокөліктер жол ережелерін бұзуды тіркейтін борттық жүйелермен жабдықталды. Қазір олардың саны 300-ге жуықтады. Бір экипаждың өнімділігі 15 патрульдің жұмысымен сәйкес келеді. Еліміздің тұрғындары олардың жұмысы туралы біледі және олардың жолда жүруі жүргізушілерді тәртіпке келтіреді. ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев ОКҚ брифингінде осылай деді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бірақ жолда патрульдік көлік көзден таса болғанда тыйым салынған учаскелерде жылдамдықты асырып, басып озу сияқты бұзушылықтарға да болады. Қала сыртындағы жолдарды қамту мақсатында «жасырын» патрульдеу енгізіліп, яғни сәйкестендіру белгілері жоқ полиция көлігінің салонында автоматты камералар орнатылды.  

Қазіргі уақытта «жасырын» патрульдеу режимінде полицияның 10 шақты көлік жұмысын бастап кетті және жыл соңына дейін олардың санын көбейтуді жоспарлап отырмыз. «Жасырын патрульдеудің» мақсаты - мүмкіндігінше көп айыппұл салу емес, қала маңындағы жолда жүргізушілерді тәртіпке келтіру. Елді мекендердің ішінде осы тектес камералар автобустардың салондарында жасырын орнатылады, қазір 5 маршруттық автобус жабдықталған, жыл соңына дейін олардың санын көбейтуді және жедел жәрдем көліктеріне де орнатуды жоспарлап отырмыз. Бұл көлік жүргізу мәдениетін арттыруға және жазаның бұлтартпаушылық принципін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – деді ведомство өкілі. 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: