Қала маңынан шыққан өрт салдарынан Астананы түтін қою басты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Астана қаласы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 19 маусымда сағат 09:12-де Астана қаласының ТЖД бөлімшесіне құрғақ шөптің өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Деректерге сүйенсек, Қорғалжын тас жолы мен Қосшы қаласының айналма жолында құрғақ шөптің өртенген.
©El.kz/Равиль АШЫҒАЛИ
Өрттің аумағы 15 гектарды құрайды. Зардап шеккендер жоқ. Өрт әлі сөндірілмеді, - деп жауап берді Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі.
©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ
Қазіргі уақытта жеке құрамның 100 адамы және Астана қаласы ТЖД техникасының 10 бірлігі, сондай-ақ қала әкімдігінің суару машинасының 8 бірлігі бар өрт сөндірушілер өртті жою үстінде.