Қадір түні оқылатын дұғалар

6 Сәуір, 01:02 3325

2024 жылы 5 сәуірден 6 сәуірге қараған түні ­– қасиетті Қадір түні. Бұл түнде жасалған ғибадат мың айға, яғни сексен үш жылға тең. Сол себепті мұсылман қауым қасиетті түннің сауабынан құр қалмас үшін ұйықтамай құлшылық етеді. Осы орайда El.kz ақпарат агенттігі Қадір түні оқылатын дұғаларды назарыңызға ұсынады.

1.Ықлас сүресін 100 рет оқу керек

Бисмилләһир рахмәнир рахим. Қуль һу уаллаһу аһаді. Аллаһус самаді. Ләм иәлиді, уә ләм иуләді. Уә ләм иәкуль ләһу куфууән ахаді.

Ықлас сүресінің қазақша мағынасы: «Алла біреу ақ. Алла мұңсыз. (әр Нәрсе Оған Мұқтаж). Ол тумады да туылмады. Әрі Оған ешкім тең емес».

Оқи отырыңыз:

2.Қадыр сүресі – 100 рет

Бисмилләһир рахманир рахим. Иннә әңзәлнәһу фи ләйләтил қадыр. Уә мә әдракә мә ләйләтул қадыр. Ләйләтул қадри хайрум минәл фи шәһр. Тәнәззәлул мәләикәту уәр руху фи һә биизни раббиһим мин кулли әмр. Сәләмун һиә хатта мәт ләғил фәжр.

Қадір сүренің қазақша мағынасы былай болып келеді: «1. Біз Оны (Құранды) қадір түні түсірдік. 2. Қадір түнінің не екенін білесің бе? (Аллаһ Тағала білдірмесе) қайдан білесің? 3. Қадір түні мың айдан да артық. 4. Ол түні Аллаһтың рұқсатымен кез-келген іс үшін Рух пен періштелер түседі. 5. (әсіресе ол түнді ғибадатпен өткізгендер үшін) таң атқанға дейін Аллаһтың рақымы мен есендігі жауады».

3.Лә иләһә иллаллаһ, Мухаммәдур расулуллаһ – 100 рет.

Қазақша мағынасы: Алладан басқа Тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі.

4.Әшһәду әллә иләһә иллаллаһ, уә әшһәду әннә Мухаммәдән ғабдуһу уә расулуһ – 100 рет.

Қазақшасы: Алладан басқа ешбір тәңір жоқ және Мухаммед Оның Елшісі және құлы екендігіне куәлік беремін.

5.Астәғфируллуһ – 500 рет.

6.Лә иләһә иллаллаһ уахдәһу лә шарикәләһ, ләһул мулку уә ләһул хамду, уә һуә ғалә кулли шәйин қадиир – 100 рет.

Айта кетейік, Қадір түнінде бір рет Қадір сүресін оқу, басқа уақытта Құран кәрімді хатым еткеннен де артық сауап. 

Перизат Саденова
Бөлісу: