"Пышақтап, суару арнасына тастаған". Түркістан облысында оқушы қызды кім өлтіргені анықталды

20 Сәуір 2023, 14:13 1401

Түркістан облысының полицейлері суару каналынан мәйіті табылған қыз туралы тағы да тың деректер жинады, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі. 

Еске сала кетсек, Ордабасы ауданында кеудесіне пышақ жарақаты салынған 9-сынып оқушысының мәйіті каналдан табылған болатын.

Күдікті ретінде 11-сынып оқушысы ұсталды. Аталған оқиғаға қатысы бар деген екінші күдікті жігіттің жеке басы анықталып, қамауға алынды. Ол жергілікті тұрғын, жас жігіт. Күдіктілер өз кінәсін мойындап, қылмыстық әрекетті қалай жасағандарын оқиға орнында нақтылап көрсетті, - делінген ІІМ хабарламасында.


Бүгінгі таңда екі жігіт қамауда. Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі “Адам өлтіру” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Тергеу барысында оқиғаның толық мән-жайы анықталатын болады. Тергеу ісі Түркістан облысы ПД басшылығының жіті бақылауында.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: