Путин Украинадағы атысты уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады

Бүгiн, 16:26 496

Ресей президенті Владимир Путиннің шешімімен Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу күндері (7 мамыр 00:00-ден 11 мамыр 00:00-ге дейін) Ресей әскері Украинадағы әскери әрекеттерін тоқтатады. Кремльдің Telegram-арнасындағы мәлімет бойынша, бұл уақытша бітімгершілік гуманитарлық мақсатта жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ресей Украинадан да дәл осындай қаруды тоқтату шарасын күтетінін мәлімдеді және бітім бұзылған жағдайда, тиісті жауап берілетінін ескертті.

Сонымен қатар Ресей тарапы алдын ала шарттарсыз бейбіт келіссөздер жүргізуге дайын екенін және украин дағдарысын реттеу мақсатында халықаралық серіктестермен ынтымақтасуға әзір екенін растады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: