Путин Қазақстанға не үшін келе жатыр? Вице-премьер жауап берді

7 Қараша 2023, 13:12 1023

Үкіметте өткен баспасөз отырысында премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Владимир Путиннің «Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара маңы ынтымақтастығы өңіраралық форумына» келетінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, бұл сапар екі елге де тиімді.

Журналистер «Үкімет Ресей президентінің сапарына байланысты толқудан қорықпай ма?» деп сұрады.

Жоқ, мен қорықпаймын. Неліктен бұлай ойлайсыз? Ол біздің тату тұратын көршіміз, оның ішінде сауда-экономикалық қарым-қатынастарымыз бар. Бұл мені бүгінде ең қызықтыратын нәрсе. Бұл форумның өтіп жүргеніне 20 жыл болды. Биыл біз онда ең әуелі елдеріміздің тұрғындары мен бизнес өкілдерінің түйткілді мәселелерін талқылаймыз. Бұл форумда ауыл шаруашылығына үлкен маңыз беріледі. Оған қоса ауыл шаруашылығын цифрландыру, ауыл шаруашылығындағы жастар мәселелері талқыланады. Сондықтан бұл жерде қандай саясат болуы мүмкін? Бұл жерде таза экономикалық және сауда қарым-қатынастары талқыланады, - деді Серік Жұманғарин.

Ол форумға сарапшылар мен өңір басшыларының келетінін, өңіраралық келісімдерге, ең әуелі, сауда-экономикалық келісімдерге қол қойылатынын айтты.

Бұл екі елдің игілігі үшін деп ойлаймын. Сосын, әуелі экономика, содан кейін саясат. Біздің Ресеймен тауар айналымымыз - 27 миллиард. Ол бізге бүгінде ең ірі сауда серіктесі. Былтыр экспорт 9 миллиард болса, биыл біз, керісінше, экспортта өсеміз. Бұл жағынан да жақсы жұмыс істеп жатырмыз, - деді Серік Жұманғарин.

2023 жылғы 9 қарашада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Ресей президенті Владимир Путин Астанаға ресми сапармен келеді. Сапар барысында екі ел басшыларының келіссөздері жоспарланған, оның барысында Қазақстан-Ресей стратегиялық серіктестігінің өзекті мәселелері талқыланады. Сонымен қатар президенттер бейнеконференцбайланыс арқылы Қостанайда өтетін Қазақстан мен Ресей арасындағы ХІХ өңіраралық ынтымақтастық форумының жұмысына қатысады. 

Миражан Махан
Бөлісу: