Путин Пасха қарсаңында бітімге келетінін жариялады

Кеше, 19:01 330

Ресей тарапы 19 сәуір сағат 18:00-ден бастап 21 сәуір сағат 00:00-ге дейін барлық әскери әрекеттерді тоқтататынын жариялады. Бұл туралы Владимир Путин Кремльде РФ Қарулы күштері Бас штабының бастығы Валерий Герасимовпен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Гуманитарлық тұрғыдан алғанда, бүгін сағат 18:00-ден бастап жексенбіден дүйсенбіге қараған түнгі сағат 00:00-ге дейін Ресей тарапы Пасха бітімін жариялайды. Осы кезеңде барлық әскери әрекеттерді тоқтатуды бұйырамын. Біз украин тарапы да осы үлгімен жүреді деп үміттенеміз. Сонымен қатар, біздің әскерлер бітімді бұзу немесе қарсы тараптың арандатушылық әрекеттеріне қарсы дайын болуы тиіс, – деді Путин.

Сондай-ақ, Владимир Путин Украинаны да осы бітім үлгісін қолдауға шақырды.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: