Психоневрологиялық ауруы бар науқастарға қандай көмек көрсетіледі?

3 Қазан 2023, 17:21 2347

Бұл туралы Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Мәлік айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның сөзінше, Астанада 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар науқастарға арналған 1 мекеме бар. Осы жерде 1,2 топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін стационар  жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі.

Орталықта 370 мүгедектігі бар адам, оның ішінде 233 ер адам және 137 әйел. Мекемеде І топтағы 76 және ІІ топтағы 294 мүгедектігі бар адам тұрады. Орталық қызметкерлерінің арқасында 2019-2023 жылдары 9 қызмет алушы отбасында тұрақты тұру үшін туыстарымен және жақындарымен қайта қауышты, - деді ол.

Еркебұлан Мәлік берген ақпаратқа сәйкес, науқастар «Special Olympics» бағдарламасы бойынша барлық мүмкін болатын республикалық және халықаралық спорттық ойындарға қатысады.

2019 жылдың 1-23 наурыз аралығында «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» төрт қызмет алушысы Абу-Дабиде өткен Дүниежүзілік жазғы арнайы Олимпиада ойындарына қатысып, үздік бестікке кірді. 2023 жылдың 17-25 маусым аралығында Берлин қаласында роликтен жүгіру спорты және көркем гимнастикадан дүниежүзілік жазғы Олимпиада ойындары бойынша роликпен жүгіруден 1 алтын, 3 қола медаль, көркем гимнастикадан 1 алтын медаль, 2 күміс медаль жеңіп алды, - деді ол.

Жұмыс қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы өкілі орталықта қандай әлеуметтік көмек көрсетілетінін атап өтті. Мынадай қызметтер кіреді:

Күтім мен медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыруды жақсарту;

Отбасылық құндылықтарды дамытуға бағытталған сабақтарды ұйымдастыру және өткізу;

Заңгерлік кеңес беру;

Әлеуметтік-медициналық қызметтер;

Жеңілдіктер, жәрдемақылар, өтемақылар және басқа да төлемдер алуға жәрдемдесу;

Мәдени-демалыс іс-шараларын ұйымдастыру;

Әлеуметтік-психологиялық тренинг тобының сабақтары, психологиялық жеңілдету бөлмесі, құм терапиясы, ертегі терапиясы, кино терапиясы, логотерапия жүргізіледі.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: