Психолог күйеуінің әйеліне деген қызығушылығы қандай жағдайда төмендейтінін айтты

20 Сәуір 2023, 09:45 1071

Қайсар Әли есімде психолог бүгінде отбасындағы кикілжіңге апаратын, әйелі мен күйеуінің арасындағы қарым-қатынасқа сызат түсіретін себептің бірі ретінде әйелдерге қатысты тыйымның көптігін айтады, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Үйінде ер азаматының алдында әдемі болып жүре алмайтын, өз-өзіне қарауға уақыты жоқ әйелге ер адамның қызығушылығы төмендейді дегенді алға тартады. Психолог мұның соңы екеуара сезімге сызат түсіріп, ол ажырасумен аяқталуы әбден мүмкін деп отыр.

Әйел адам үйінде еркін жүруі керек. Ұлы сөздің ұяты жоқ, әйелі ер азаматының алдында ашық жүруі керек. Яғни қызықтыратындай болуы керек. Қазір жас қыздарға өте ауыр, сыртқа шықса, жабық киіну керек дейміз, үйде ата-енесімен тұрса, тағы ашық жүре алмайды, кемінде басына орамал тағады. Осы орайда еркектің әйеліне деген қызығушылығы азаяды. Себебі ер адам өзінің гармонын бақылап, табиғатын өзгерте алмайды ғой. Ол көшеден, жұмыстан келеді, боянып-сыланған, ұқыпты киінген қыздарды көреді. Ара біртіндеп сууы мүмкін. Мұндайда екі нұсқа бар: не ажырасады, не өмір бойы өтірік айтып өтеді, - дейді Қайсар Әли.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Kaisar Ali (@kaisar.one)

EL.KZ
Бөлісу: