Прокурорлар «Таза Қазақстан» аясында жалпықалалық сенбілікке қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін, Астана қаласының аумағын абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша өтетін жыл сайынғы экологиялық айлықтар аясында Бас прокуратура, Бас әскери прокуратура, Бас көлік прокуратурасы және Активтерді қайтару комитетінің басшылығы мен қызметкерлері Бас прокуратура ғимаратының аумағын, Ә.Бөкейхан және Керей - Жәнібек хандар көшелерінің бойын көгалдандыру мен тазалауда өз күштерін салды.
Өткізілген іс-шараның негізгі мақсаты – қала тұрғындары арасында экологиялық мәдениет деңгейін арттыру және табиғат пен еңбекке жауапкершілікпен қарау.
Бас прокуратура табиғат пен тазалықты сақтауға деген адалдығын көрсете отырып, осындай бастамаларға қатысуды жалғастырады.