Прокурор Гүлмира Сатыбалдыны 8 жылға соттауды сұрады

25 Сәуір 2023, 17:12 983

Гүлмира Сатыбалды бұған дейін кінәсін ішінара мойындайтынын мәлімдеп, өзін босатуды сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ал прокурор Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыны 8 жылға соттауды сұрап отыр.

Мұның алдында ол Қайрат Сатыбалдыдан бала туғаны үшін ғана қудаланып жатқанын айтқан болатын

Айта кетейік, Гүлмира Сатыбалдыға Қылмыстық кодекстің 389-бабының 3 және 4-бөлігі (Өзінше билік ету), 28-бабының 3-бөлігі 1 және 8-тармағы (Адамдарды пайдалану арқылы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам орындаушы деп танылады), 125-бабының 2-бөлігінде (Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы және пайдакүнемдiк ниетпен адамды ұрлау) көрсетілген қылмысты жасады деген айып тағылған.

 

EL.KZ
Бөлісу: