Прокуроpлық қадaғалаудың ұғымы мeн маңызы

23 Қараша 2015, 11:05

Прокуроpлық қадaғалаудың ұғымы мeн маңызы

Қазақстан тарихында прокуратура заңдылықты қамтамасыз етуде әрқашан жетекші рөлді иеленіп келеді, ол әруақытта мемлекеттің, адам мен азаматтың мүдделерін қорғайтын мемлекеттік орган рөлін иеленуде. 

Прокурорлық қадағалау - барлық заңды тұлғалар, лауазымды адамдар мен азаматтардың, сондай-ақ құқық қорғау органдары қызметінің барлық сатыларында (анықтау, алдын ала тергеу, соттың дауды шешуі, үкімдерді орындау мен сот тағайындаған мәжбүрлік сипаттағы басқа да шараларды) заңдардың дәл және бір үлгімен орындалуын жүзеге асыратын еліміздің Бас прокуроры мен оған бағынышты прокурорлардың жоғары қадағалауы. 

Прокуратура органдары биліктің үш тармағының әрқайсысымен функциональды байланысты болса да, ешқайсысына толығымен жатпайды. Мемлекеттік құрылымдағы прокуратураның мұндай өзіндік жағдайы билік тармақтарының қызметін теңестіруге және олардың оңтайлы іс-қимылын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, мемлекеттік қызметтің жеке түрі ретінде прокурорлық қадағалаудың өзгешелігі туады.

Біріншіден, прокурорлық қадағалау - бұл прокуратурадан басқа мемлекеттік, қоғамдық, дербес немесе езге ұйымдар, мекемелер немесе лауазымды адамдар жүзеге асыра алмайтын мемлекеттік қызметтің дербес, ерекше түрі.

Екіншіден, прокурорлық қадағалау Қазақстан Республикасының мемлекеті атынан жүзеге асырылады. Осы ережелердің маңыздылығы прокурордың қадағалауды іске асыра отырып, құқық бұзушылықтарды анықтау, оларды жоюға және жергілікті өзін-өзі басқару, атқарушы немесе сот биліктерінің жеке органдары атынан емес, олардың барлық жиынтығына сәйкес кінәлі адамдарды жазалауда шараларды қолдануы.

Үшіншіден, прокурорлық қадағалау - мемлекеттік қызметтің өзіндік түрі. Оның басқа мемлекеттік қызмет түрлерінен өзгешелігі ҚР Конституциясының дәл сақталуын тексеру, заң талаптарының орындалуы, өзге де құқықтық актілердің заңға сәйкес келуін және тек прокуратураға ғана берілген құралдардың көмегімен анықталған құқық бүзушылықтарды жоюға шаралар қабылдайтын қызметтердің ерекше мазмұнымен анықталады.  

Үлкен энциклопедиялық сөздікке сәйкес прокурор француз тіліндегі ргосіе деген, латын тілінің забучусь деген сөздерінен шыққан - ол прокуратура органының лауазымды адамы. Сотта ол мемлекет мүддесін білдіреді.

Прокурорлық қадағалау мемлекеттік қызметтің басқа нысандарынан, ең алдымен мемлекеттік функцияларды орындауда өзінің тағайындалуымен ерекшеленеді.

Мемлекеттік басқарудың жеке органдары мен сот органдарына жүктелген кейбір қадағалау міндеттері осы қызметтердің бір бөлігін ғана құрайды.

 Мемлекеттік басқару органдары үшін - бүл атқару және бөлу қызметі; сот органдары үшін - сот әділдігі. Прокурорлық биліктің мемлекеттік басқару билік органдарынан және әділ соттан ерекшелендіретін өзінің өзгешелігі бар. Прокуратурада қадағалауды іске асыру кезінде, занда аталғандарды коспағанда, басқа органдардың шешімдерін өзінің шешімдерімен ауыстырмайды, құқық бұзушыларға жазалау шараларын қолданбайды, керісінше құзыретті органдардың, лауазымды адамдардың, ұйымдардың заң бұзушылықты жоюын талап етеді. Атап айтқанда, прокурорлық шара колдану жолымен мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың қызметіне бақылау жасамай, олардың әкімшілік қызметіне араласпай заң бұзушылыктарды жою бойынша шаралар қолданады. Зандардың және жарлықтардың дәл әрі бірыңғай қолданылуына жоғары қадағалаудың субъектісі Қазақстан Республикасының Бас прокуроры және оған бағынышты прокурорлар болып табылады.

Осыған байланысты, прокурорлық қадағалауды заң бұзушылықтарды анықтау және жою үшін шаралар қолдану, кінәлі адамдарды жауапқа тарту, қылмыстық қудалауды іске асыру жолымен заңдардың дәл және бірыңғай қолданылуына жоғары қадағалауды іске асыруды қамтамасыз ететін арнаулы өкілетті адамдардың-прокурорлардың қызметтері мемлекет атынан іске асырылатын мемлекеттік қызметтің ерекше түрі ретінде сипаттауға болады.

Прокурорлық қадағалаудың маңызы ол мемлекет атынан Президент бақылауында іске асырылады, жергілікті органдарға тәуелсіз, тек Қазақстан Республикасының Бас прокурорына ғана бағынышты.

Прокурорлық қадағалау республиканың барлық аумақтарында және үкіметке, барлық министрліктер мен ведомстволарға, оларға бағынышты мекемелерге, барлық кәсіпорындарға, меншік нысанына қарамастан атқарушы және белу органдарына және лауазымды адамдарға, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар мен республиканың азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдар мен шетелдіктерге қатысты әрекет етеді.

Заңдармен белгіленген тәртіп пен негізде енгізілген прокурорлық қадағалау актілері барлық органдарға, ұйымдарға, лауазымды адамдар мен азаматтарға тиісті.

Прокурорлық қадағалаудың маңызы, сондай-ақ біздің қоғамдағы құқық рөлімен анықталады.

Сонымен, прокурорлық қадағалаудың маңыздылығы ол мемлекет атынан Президент бақылауында іске асырылады, жергілікті органдарға тәуелсіз, тек Қазақстан Республикасының Бас прокурорына ғана бағынышты.

Прокурорлық қадағалау республиканың барлық аумақтарында және үкіметке, барлық министрліктер мен ведомстволарға, оларға бағынышты мекемелерге, кәсіпорындарға, атқару және бөлу органдарына, сондай-ақ қоғамдық ұйымдарға, лауазымды адамдарға және азаматтарға қатысты әрекет етеді.

Прокурорлар жоғары аталған субъектілердің зандарды бірыңғай орындауын бақылауға және білінген заң бұзушылықтарды жоюға тиіс.

Занда белгіленген тәртіппен және негізде енгізілген прокурорлық

 қадағалау актілері барлық органдарға, ұйымдарға, лауазымды адамдарға және азаматтарға міндетті. Сонымен, прокурорлық қадағалау мемлекет атынан Қазақстан Республикасы Президентінің бақылауында іске асырылады, жергілікті органдардан тәуелсіз, Қазақстан Республикасының Бас прокурорына ғана бағынышты. Прокурорлық қадағалау мемлекеттік барлық аумақтарында және барлық министрліктерге және ведомостволарға, оларға бағынышты мекемелер мен кәсіпорындарға, атқару және бөлу органдарына, қоғамдық ұйымдарға, лауазымды адамдар мен азаматтарға қатысты әрекет етеді.

Осы әлеуметтік рөлді орындаудың құқығы көп жағдайда заңның дәл орындалуына байланысты. Заңды іс жүзінде қамтамасыз ету заңдардың қолданылуына және оны бүзғаны немесе орындамағаны үшін жазаға тартуда қатаң қадағалауды іске асыруға байланысты. Осыған орай, прокуратуратәрізді орган құру қоғам мен мемлекетті дамытудағы құқық пен заңдылықтың әлеуметтік рөліне қатысты объективті қажеттілік болып табылады.

Осыған сәйкес, прокурорлық қадағалау - бұл, тек кез келген қол сүғушылық пен заңсыздыққа қарсы ғана емес, сондай-ақ құқықты қамтамасыз ететін қарым-қатынасқа қарсы әрекеттің мықты және сенімді кепілі. Құқықты мемлекет құрудағы ең маңызды прокурорлық қадағалау зандарды қолданудағы жоғары қадағалау болып табылады.


Автор: Азат ТҰРҒАНБЕК

Бөлісу: