Президенттің Қытайға сапары аясында құны 22 млрд доллар болатын 47 құжатқа қол қойылды

18 Мамыр 2023, 11:00 1031

Президент қазақ-қытай инвестициялық дөңгелек үстелінде елімізде инвесторларға барынша қолайлы жағдай жасалғанын атап өтіп, бүгінгі кездесу екі елдің сауда-экономикалық серіктестігін нығайта түсетініне сенім білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тоқаев қытайлық іскерлік орта өкілдерін қаржы саласындағы серіктестікті нығайтуға шақырып, оларға «Астана» халықаралық қаржы орталығының  артықшылықтарын айтып берді. 

Қазір қаржы орталығында 73 елдің 1 800-ден астам компаниясы тіркелген. Олардың оннан бірі – Қытай компаниялары. Оған қоса, келешекте China International Capital Corporation (CICC) ұйымы Қазақстанда өзінің аймақтық бөлімшесін ашуды ойластырып жатыр, – деді Президент.

Жиын барысында CITIC Group басқарма төрағасы Чжу Хэсинь, China National Petroleum Corporation (CNPC) төрағасы Дай Хоулян, Asian Infrastructure Investment Bank вице-президенті Шукнехт Людгер, POWERCHINA компаниясының төрағасы Дин Яньчжан, China General Technology Holding (GENERTEC) басқарма төрағасы  Юй Сюйбо, СOFCO компаниясының төрағасы Цзинь Лю, Xuzhou Construction Machinary Group (XCMG) президенті Лу Чуань, JD Group басқарма төрағасының орынбасары Вэй Е, Sun Seven Star Investment Group  басқарма төрағасы У Чжэн, Xian Aiju Grain and Oil Industrial Group басқарма төрағасы Цзя Хэи, Great Wall Motors вице-президенті Чжан Цзюньсюэ сөз сөйледі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР-ға мемлекеттік сапары аясында құны 22 миллиард доллар болатын 47 құжатқа қол қойылды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: