Президенттің қатысуымен ҚХА XXXIV сессиясы басталды

Бүгiн, 10:50 275

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV-сессиясы басталды. Басқосуға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аталмыш сессияда институттың атқарған істері мен алдағы жоспары талқыға салынбақ.

Айта кетейік, 1995 жылдың 1 наурызында құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясына биыл 30 жыл толып отыр. Тұрақтылық пен бейбітшіліктің жаршысына айналған ұйымның мерейлі белесі аясында биыл 150-ден аса іс-шара ұйымдастырылмақ.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: