Президенттің Протокол қызметіне жаңа басшы тағайындалды

15 Наурыз 2023, 10:55 888

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Мемлекет басшысының өкімімен Марат Кенжеғалиұлы Әшім Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды, - делінген Ақорда таратқан ақпаратта.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен Дмитрий Леонидович Михно Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметінің бастығы лауазымынан босатылды.

EL.KZ
Бөлісу: