Президенттің БАҚ саласындағы алғысы беріледі

Бүгiн, 12:38 150

ҚР Президентінің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары, сондай-ақ Алғысы беріледі. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Байқауға қатысу үшін ұсынымдар 2025 жылдың 2 мамырынан бастап 10 маусымға дейін қабылданады.

Айта кетерлігі, үміткерлер мен шығармашылық ұжымдарды бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік органдар ұсына алады. Конкурсқа 2024 жылғы 1 маусым мен 2025 жылғы 31 мамыр аралығында жарияланған немесе эфирге шыққан материалдар қабылданады, - делінген мәліметте.

Қосымша мәліметтер Ақорданың ресми сайтына 2 мамыр күні жарияланады.
 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: