Алматыда құқық қорғаушылар Тұрсынбековаға әйелдер партиясын құруды ұсынды, деп хабарлайды El.kz
Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова Алматыда құқық қорғаушыларымен кездесу өткізді.
Құқық қорғаушылар, түрлі үкіметтік емес ұйымдардың құрылтайшылары, қоғамдық пікір жетекшілері келіп, өз пікір-ұсыныстарын білдірді. Олардың қатарында халықаралық заңгер Халида Әжіғұлова, «Мой дом» қоғамдық қорының негізін қалаушы Елена Белоконь, көп балалы ана және алматылық ата-аналар қоғамдастығының өкілі Ирина Ким, ТжКБ қоғамдық қорының құрылтайшылары Мөлдір Жұмабаева және Зорлық-зомбылық және гендерлік теңдік мәселелерімен айналысатын Кирилл Вшивков және т.б. бар.
Кездесуге қатысушылар тұрмыстық зорлық-зомбылық, толық емес отбасылар, көп балалы, жалғыз басты аналар, жеңілдікпен ипотека, әлеуметтік баспана, адам саудасы, балалар құқығын қорғау, кедейлік пен табыс теңсіздігі, дарынды жастарды қолдау қиындығы және олардың елден кетуі мәселелерін көтерді.
Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекованың республикалық штабының басшысы Назым Жанғазинова кандидат пен оны барлық әйелдер қауымының неліктен қолдайтыны туралы айтты.
«Салтанат Тұрсынбекова – өмір бойы адвокаттық қызметпен айналысқан жан. Бірақ ол қызметінде ешқашан адам құқықтарын ер немесе әйел деп бөлген емес. Адамның құқықтары бөлінбеу керек, сонымен қатар мұндай олқылық пен кемсітушілікке жол бермеу керек. Тиісінше, біз тек әйелдерден тұратын электоратқа ғана мән бермейміз, бірақ әйелдер тарапынан кері байланыс өте көп келеді. Себебі, Салтанат Тұрсынбекова соңғы 5 жылда тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресуге барын салуда, бұл ең алдымен әйелдер мен балаларға қатысты», - деді штаб басшысы.
Өңірлердегі дағдарыс орталықтары мен отбасын қолдау орталықтарының көп өкілдері кандидат туралы бұрыннан біледі.
«Біздің кандидаттың ерекшелігі – оның адалдығы. Олардың барлығы солай айтады. Әр кездесуден кейін ол сайлау кезінде және сайлаудан кейін берген уәделерін орындауды міндет деп санайды», - дейді Жанғазинова.