Президенттік жастар кадр резервіне алынған мамандар қай салаларда қызмет атқаратыны айтылды

16 Тамыз 2023, 15:56 932

Президенттік жастар кадр резервіне алынған 350 адамның 264-і мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарында жұмыс істейді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Демек жалпы санының 75%-ы жұмысқа орналастырылды.

Олардың ішінде 128 адам орталық мемлекеттік органдарда, 38 адам жергілікті атқарушы органдарда, 57 адам ұлттық компанияларда, 41 адам өзге де ұйымдарда қызмет атқаруда. Олардың қатарында 31 резервші саяси лауазымдарға, 6 резервші «А» корпусының лауазымдарына тағайындалса, бір резервист Мәжіліс Парламенті және 2 резервист мәслихат депутаты болып қызмет атқаруда, - деді Дархан Жазықбаев.

Еске сала кетейік, 1 қыркүйектен бастап Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталады.

Өтінімдер 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

Миражан Махан
Бөлісу: