Президенттік сайлауға түсетін алғашқы кандидат анықталды

30 Қыркүйек 2022, 15:03 2406

«Ауыл» Халық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаев Президенттікке кандидаттықа үміткердің есімін атады.

Астанада «Ауыл» Халық-демократиялық патриоттық партиясы өткізген кезектен тыс XX съезін өткізіп, Президенттікке кандидатын ұсынды, деп хабарлайды El.kz.

Отырыста «Ауыл» Халық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаев Президенттікке кандидаттықа үміткердің есімін атады.

««Ауыл» Халық-демократиялық патриоттық партиясының саяси кеңесінде Қазақстан Республикасының кезектен тыс сайлауында Президенттікке кандидат ұсына отырып, осы сайлауға қатысатынын мәлімдейді. Жаңа ғана саяси кеңес өтті. Оның шешімімен «Ауыл» партиясының атынан «Қазақстан Фермерлер Одағы» қауымдастығының президенті Жигули Дайрабаевты ұсынамыз», - деді төраға.
Делагаттардың үміткерді бірауыздан қолдап, берген дауыстың нәтижесіне сәйкес 2022 жылдың 20 қараша күні өтетін сайлауға Дайрабаев Жигули Молдахалықұлы Президенттікке үміткер ретінде қатысатын болады.
Ажар Лаубаева
Бөлісу: