ПРЕЗИДЕНТТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТІП ЖАТҚАН ЖАСТАР ЖЫЛЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚХА АТЫНАН 17 ДЕЛЕГАТ ҚАТЫСУДА

23 Қаңтар 2019, 11:41 2058

«Нұр Әлем» павильонында («ЭКСПО-2017» көрме кешені) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» жастар жылының салтанатты ашылу рәсімі өтуде.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен 2019 жыл – Жастар жылы деп жарияланғаны белгілі.

Іс-шараға ҚХА жанындағы «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының 17 мүшесі қатысады. Бұл – қоғамдық бірлестіктердің жастар қанатының көшбасшылары, «Жаңғыру жолы» аймақтық штабтарының жас жетекшілері, табысты кәсіпкерлер.

Форум барысында елдегі мемлекеттік жастар саясатын жан-жақты қолдауға және іске асыруға бағытталған ауқымды іс-шаралар жоспарына бастау беріледі.

Алаң жас қазақстандықтарға жүзеге асырылып жатқан табысты жобалар мен түрлі салалардағы жаңа өнімдерді таныстыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар белгілі кәсіпкерлер, стартаперлер, еріктілер, ауыл шаруашылығы, ғылым және әдебиет мамандары сөз сөйлейтін болады.

«Осы күннен бастап Қазақстанның барлық жастарына ортақ мақсаттар мен биіктерге жету бойынша белсенді және мазмұнды жұмыс басталады. Президент бізге зор мүмкіндік бере отырып, жауапкершілікті жүктеді — біздің идеяларымызды, ниетімізді, сұранысымызды өміршең етпек», — деді «Жаңғыру жолы» РЖҚ төрағасының орынбасары – «Жарасым» РЖҰ төрағасы Тимур Жұмырбаев.

Бөлісу: