Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Шетелдік инвесторлар кеңесінің 34-жалпы отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz
«Бүгінгі кеңес отырысы жаһандық логистикалық тізбектердің үзілуі, сауда соғыстары, теңдессіз инфляциялық қысым сынды барынша күрделі ахуал аясында өтіп жатыр. Мұның барлығы - бүгінгі күннің объективті шындығы. Мұндай ахуалда мемлекетке де, бизнеске де ойынның жаңа ережелеріне жедел бейімделу талап етіледі. Тек солай ғана бәсекеге қабілетті сақтап қала аламыз. Қазақстан өз дамуының жаңа кезеңіне өтті. Елде мен ұсынған демократиялық реформалардың ауқымды бағдарламасы рет-ретімен жүзеге асып жатыр. 5 маусымда жалпыұлттық референдум өтіп, онда азаматтар Конституцияға енетін өзгертулер мен толықтырулар жобасын қолдады», - деді Қазақстан Президенті.